Қыс мезгілі тек әдемі қарды ғана емес, сонымен бірге тұмау мен суық тию қаупін де алып келеді. Балалардың денсаулығын қорғау үшін алдын алу шараларын уақытында орындау өте маңызды.
Баланы тұмау мен суықтан қалай қорғауға болады?
Иммунитетті күшейтіңіз.
Баланың тамағы толыққанды, дәруменге бай болуы керек. Рационға жемістер, көкөністер, жидектер енгізіңіз. Дұрыс ұйқы мен белсенді қимыл да маңызды.
Ауа райына сай киіндіріңіз.
Суықтау — аурудың басты себептерінің бірі. Киім жылы, көп қабатты және ауа райына сәйкес болуы тиіс.
Бөлмені таза ауаға толтырыңыз.
Күніне 2–3 рет 5–10 минуттан желдетіп тұру – вирус санын азайтады.
Жеке гигиенаны сақтауды үйретіңіз.
Баланы қолды сабынмен жиі жууға, бетті былғанған қолмен ұстамауға, жеке сүлгі қолдануға дағдыландырыңыз.
Жылы сусындар ішуді әдетке айналдырыңыз.
Шай, су, жеміс морстары ағзаға күш береді және шырышты қабаттардың құрғауын болдырмайды.
Ауырған адамдармен байланыстан сақтаныңыз.
Эпидемия кезінде халық көп жиналатын жерлерге баруды шектеу ұсынылады.
Вакцинация — сенімді қорғаныс.
Тұмауға қарсы екпе аурудың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Ол ауруды жұқтыру қаупін азайтады және асқынулардың алдын алады.
Есіңізде болсын: баланың денсаулығы — ата-ананың назарында. Жылы, жайлы орта қалыптастырып, балаңыздың жағдайын бақылап, алғашқы белгілерде дер кезінде шара қолданыңыз.