Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жүзеге асырылады. Мектеп директорының бұйрығы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар тағайындалды, олар өз кезегінде халыққа сапалы, қолжетімді және уақтылы қызмет көрсетуге жауапты болады.
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Киев ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 2021 жылы келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді:
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) – 9 электрондық түрде.
Бағдарламаларды іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау