Текст
Бүгін, 2025 жылғы 5 желтоқсанда, «Эмоциялар әлемі» тақырыбындағы «Психология апталығы» аясында психологиялық сүйемелдеу қызметінің мамандары 2-сынып оқушылары үшін «Мен және менің эмоционалдық интеллектім» атты тренинг өткізді. Балалармен релаксация, эмоционалдық интеллектті дамыту, өз және өзге эмоцияларды ажырату, эмоцияларын реттей білуге бағытталған жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар «Бас бөлшегіндегі шытырман» («Inside Out») анимациялық фильмінен үзінді көрсетілді. Оқушылар эмоцияларды суреттеп, кейін бір-бірінің қандай эмоцияны бейнелегенін тапты. Рефлексия ретінде балалар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, педагогтар тарапынан смайликтер түріндегі кері байланыс алды.




